• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Головкин мен Джейкобс допинг тексерістен өтті

223 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 KO) жекпе-жек алдында допинг тексерістен өтті. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Кәсіпқой бокс қауымдастығының (WBC) президенті Маурисио Сулейман қос боксшының қанынан тыйым салынған заттар табылмағанын мәлемдеді. "WBC VADA-дан допинг тексерістің нәтижесін алды. Қорытындысында тыйым салынған препараттар табылмады», – деп жазды Сулейман туиттердегі парақшасында. Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.