• RUB:
    6.52
  • USD:
    512.44
  • EUR:
    593.15
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Сыр өңірінде ауыр атлеттер өзара күш сынасады

312 рет
көрсетілді

Қызылордада 1-5 наурыз аралығында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында ҚР Кубогы мен чемпионаты өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат. Оған Астана, Алматы қалаларына және облыстардан 16 команда, яғни 200-ден аса спортшы 16  салмақ дәрежесінде қатысады. Аталмыш жарыс 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына спортшыларды  іріктеу сыны болып отыр. Сондай-ақ, 105 келі салмақта жеңімпаз атанған спортшыға Илья Ильиннің кубогы мен сертификаты беріледі. Жарыстың басталуы 1 наурыз сағ. 11.00-де, салтанатты ашылуы 14.30-да «Еуразия» спорт кешенінде өтеді.