• RUB:
    6.45
  • USD:
    512.66
  • EUR:
    580.59
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Хаби Алонсо маусым соңында футболдан кететінін мәлімдеді

180 рет
көрсетілді

«Бавария» футбол клубы мен Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Хаби Алонсо маусым соңында мансабын аяқтайды. Бұл туралы ол инстаграмдағы ресми парақшасында хабарлады. «Мен футболмен өмір сүріп, оны жақсы көрдім. Қош бол, ғаламат ойын», – деп жазды Хаби Алонсо. Испаниялық ойыншы мансабында «Бавариядан» бөлек «Реал Сосьедад», «Ливерпуль», «Реал» сынды командалардың намысын қорғаған. «Қызыл Фурия» құрамасымен 2008 және 2012 жылы Еуропа чемпоны атанса, 2010 жылы әлем біріншілігінде жеңіске жеткен. Ал клубтық деңгейде 2004/2005 маусымында «Ливерпульмен» Чемпиондар лигасын ұтып алды. Мадридтің «Реалымен» 2011/2012 маусымында Испания чемпион атанып, 2013/2014-те Чемпиондар лигасында топ жарған. «Бавария» сапында екі мәрте ел біріншілігін бірінші орынмен ақтаған.