Ақмола облысының Зеренді ауданында «Асар» қайырымдылық аукционы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Хамиев қатысып, оның маңыздылығын түсіндіріп өтті. Шара барысында жергілікті балалар шығармашылығы үйінің тәрбиеленушілері әзірлеген әртүрлі бұйымдар, қөлөнер туындылары саудаға шығарылды.
Аукционның өтуіне «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, «Милк Проджект» ЖШС, «Химик» ЖШС, Шағалалы агробизнес колледжі және басқалар атсалысты.
Аукционнан түскен 830 мың теңге ақша тең көлемде бөлініп, бағасы қымбат ем қабылдауға мәжбүр болып отырған балалар Настя Лакомкина мен Әсет Байжоловтың ата-анасына табыс етілді.