• RUB:
    6.45
  • USD:
    512.66
  • EUR:
    580.59
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2017

Айдар Шəрібаев Майамиде кезекті жекпе-жегін өткізеді

253 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шəрібаевтің келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген отандасымыз осыған дейін төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтады. Қазақстандық боксшы бесінші айқасында 23 жастағы мексикалық Габино Котамен жұдырықтасатын болады. Кота осыған дейін шаршы алаңға 19 рет шығып, оның жетеуінде жеңіліс тапқан. Бокс кеші 17 наурыз күні Флорида штатының (АҚШ) Майами қаласында өтеді. Кездесу 6 раундқа жоспарланған.