Нұркенов Жомарт Жұмағалиұлы Ветеринарлық бақылау және қадағалау комиетінің төрағасы болып тағайындалды.
Жомарт Нұркенов осыған дейін Ақмола облысы әкімдігінің аппарат басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі.
Еңбек жолын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасынан бастап, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комиетінің аумақтық инспекциясында қызметтер атқарды.
2013-2016 жылдар аралығында Ақмола облысы Атбасар және Аршалы аудандарының әкімі қызметін атқарды.