• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2017

Астанада Сирия мәселесі бойынша жаңа келіссөздер өтеді - СІМ

120 рет
көрсетілді

15-16 ақпанда елордада Астана процесі аясында Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты жоғары деңгейде кезекті отырыс өтеді. Бұл туралы baq.kz хабарлады. ҚР СІМ ақпаратынша, отырыста Сирия аумағында әскери іс-қимылды тоқтату режімін сақтау мәселелері, нақты елді мекендердегі ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар, бірлескен жедел топ туралы ереже қабылдау, бітімгерлік режімін күшейтуге қатысты шараларды келісу, сондай-ақ Женевада өтетін алдағы сирияаралық келіссөздер мәселелері талқыланады. Астанада өтетін кездесуге Иордан Хашимит Корольдігінің, Сирия Араб Республикасы үкіметінің делегациясы, Сирия қарулы оппозициясының өкілдері, БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі С.де Мистура шақырылған.