• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Бүгін, 15:52

«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты

30 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына еліміздегі «Келешек» мектептерінің оқушылары жаппай атсалысып жатыр. Бүгін 185 мектептің шәкірттері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» жобасының негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастырып, азаматтардың табиғат алдындағы жауапкершілігін арттыру. Бұл бағытта жас ұрпақтың белсенділігі айрықша маңызға ие.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды

Сенбілік барысында оқушылар тек өз мектептерінің аумағын тазартып қана қоймай, жақын маңдағы саябақтар мен қоғамдық орындарды да ретке келтірді. Мектеп аумақтары қоқыстан тазартылды. Көптеген өңірлерде ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Табиғатты аялаудың нақты үлгісі көрсетілді.

Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды

Айта кетерлігі, «Келешек» мектептері де, «Таза Қазақстан» акциясы да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асып жатыр. Бірі – сапалы білім беруді көздесе, екіншісі – жас ұрпақтың бойында озық мәдениет пен жасампаз патриотизмді қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың бұл белсенділігі жаңа сапалы ұлтты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Соңғы жаңалықтар