• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Астанада көпір үстінде ереже бұзған көлік жүргізушісі жазаланды

Бас шаһарда жол ережелерін өрескел бұзған 20 жастағы жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ол Қошқарбаев көшесіндегі көпірде көлік ағындарын бөлуге арналған жолақпен жүріп өтіп, оны бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, Toyota автокөлігін 20 жастағы азамат басқарған.

Алматыда көше бойында дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Бейнекадрлардан көліктің көлік қозғалысын бөлуге арналған қауіпсіздік аралымен жүргені көрінеді.

Полицейлер құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны бірден бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартты. Оған көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру қағидаларын бұзу, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айып тағылды.

Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал автокөлік коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Еске салайық, Астанада көпшілік серуендейтін орынға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші жазаланды.

Бұған дейін елорда көшесінде қауіпті дрифт жасаған шетелдік жүргізуші жауапқа тартылған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар