• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Жәнібек Әлімханұлы рингке оралатынын мәлімдеді

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындық барысымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандық боксшы Instagram-парақшасында рингке оралуға дайындық жасап жатқандағы видеосын жариялады.

«Дайындық қызу жүріп жатыр! Барлығы сәтті болса, рингке бұрынғыдан да мықты болып ораламыз және әлемді тағы да дүр сілкіндіреміз! Көк туымызды көкке көтеріп, абыройымызды асқақтатамыз!», деп жазды Жәнібек жеке парақшасында.

Өткен жылдың соңында Әлімханұлының допинг сынамасынан мельдоний табылған соң үлкен дау шықты. 2026 жылдың қаңтарында В сынамасын ашу нәтижесінде бұл ақпарат ресми түрде расталды.

Кейінірек Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандықты бір жылға, 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстан шеттететінін мәлімдеді. Алайда WBO белбеуі Әлімханұлының еншісінде қалды.

Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді

Дегенмен, 10 наурызда қазақстандық боксшы IBF белбеуінен айырылды, ал 13 сәуірде оның есімі ресми түрде ұйым рейтингісінен шығарылды.

 

Соңғы жаңалықтар