Алматыда сәбиін көтеріп курьер болып жұмыс істеп жүрген әйелдің оқиғасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған болатын. Көп ұзамай белгісіз алаяқтар оның атынан ақша жинай бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйелдің сәбиімен бірге түскен суретін Threads желісінде блогер Саша Wu’style жариялаған. Оның айтуынша, ол әйелді Алматыдағы Брусиловский көшесінде кездестірген.
Блогердің жазуынша, жас ананың жағдайы оған ерекше әсер қалдырған. Сондықтан ол суретті әлеуметтік желіге жариялап, көпшіліктің назарын аударуды жөн көрген. Жарияланым қысқа уақыт ішінде кең таралып, жүздеген адам әйелге көмектесуге дайын екенін білдірген.
Мәжілісмен курьер болып жүрген анаға пәтер сыйлады
Пікір қалдырушылардың бірі әйелге алимент өндіруге тегін заң көмегін көрсетуге дайын екенін айтса, енді бірі нәрестеге арналған арба мен қажетті заттарды алып беру үшін қаржы жинауды ұсынған.
Алайда көп ұзамай желі қолданушылары алаяқтардың пайда болғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, кейбір белгісіз адамдар әйелдің атынан жалған аккаунттар ашып, қаржы сұрай бастаған. Тіпті сенімді көріну үшін жасанды интеллект көмегімен дайындалған суреттер қолданған.
Осыған байланысты желі қолданушылары тұрғындарды сақ болуға шақырып, әйелдің жеке басы ресми түрде анықталмайынша ешқандай қаржы аудармауға кеңес берді.
Алаяқтардың айласы өзгерді: Енді ақшаны «курьер» болып алып кетеді
Қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиғаға қарамастан, әзірге суреттегі әйелдің кім екені және оның нақты жағдайы анықталған жоқ.