• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Головкин мен Сондерс Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

121 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен (36-0, 33 КО) британиялық Билли Джо Сондерс арасында жекпе-жек өткізу туралы келісім ортақ шешімге келген сияқты. Бұл туралы әлемдік БАҚ жарыса жазуда деп хабарлайды sports.kz. Болжам бойынша айқас 10 маусым күні Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында өтуі мүмкін. Бұл хабарды алғаш болып First Class Boxing басылымы, сондай-ақ ESPN журналистері Фернандо Барбоса мен Дэна Рафаэля туиттерлерінде жазды. Бұған дейін хабарланғандай, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағына міндетті үміткер Автандил Хурцидзе (32-2-2, 21 КО) Сондерске қарсы жекпе-жегін кейінге шегеріп, қазақстандық боксшыға титулдарының басы қосу үшін жол бермекші. Айта кетейік, Головкиннің промоутері Том Леффлер бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.