• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 12:27

Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

50 рет
көрсетілді

Елордада Сарайшық ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел штаб құрылып, тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Өрт Қ. Әзербаев көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйде тұтанған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде 7-қабаттағы пәтердің лаулап жатқаны анықталды. Сонымен қатар тұрғын үйдің кіреберісін қою түтін басқан.

Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді

ТЖМ күштері өртті ауыздықтау үшін дереу іске кірісті. Қазіргі уақытта өрт сөндіру учаскелері құрылып, су үздіксіз жеткізілуде. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мамандар өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол бермеу үшін барлық шараларды қолға алған.

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты

Оқиғаның мән-жайы әлі де анықталып жатыр. Қуанышқа орай, дәл осы сәтте «112» қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар