• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2017

Сағынтаевтың ШҚО-ға жұмыс сапары басталды

106 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев екі күндік жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Үкімет басшысы өңірдегі жұмыс сапарын Аягөз ауданында орналасқан Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын аралаудан бастады. Нысан жұмысымен танысу барысында Премьер-Министрге комбинат басшылығы нысан құрылысы мен оның даму кезеңдері туралы баяндады. Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаевқа кен алу технологиясы жайлы айтылды. Сәл кейінірек сульфид кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасында Премьер-Министрге кенді байыту технологиясы таныстырылды. Бүгін Премьер-Министр облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралайды деп жоспарланған. Азамат Қасым, "Егемен Қазақстан"  
Соңғы жаңалықтар