
Прагада Қазақстанның Чехиядағы елшісі Сержан Әбдікәрімовтің Чехия Сыртқы істер министрі Любомир Заоралекпен кездесуі болды, деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат Чехия СІМ басшысына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық медальді табыс етті.
С.Әбдікәрімов Л.Заоралекке медальді табыстап тұрып, оның Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты қатынастардың қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін наградталғанын атап өтті.
Чехия СІМ басшысы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғыс сөздерін жеткізуді сұрады.
Кездесу барысында дипломаттар екі ел арасында әр түрлі салаларда серпінді дамып келе жатқан ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады.