• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 17:18

Ақмола облысындағы отбасының өлімі: Күдіктінің жазадан құтылып кетуі мүмкін бе?

20 рет
көрсетілді

Астанадан 25 шақырым жердегі Жібек жолы ауылында ақыл-есі кем ер адам төрт туысқанын өлтірген. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов отбасы мүшелерін қатыгездікпен өлтірген азаматтың жазадан құтылуы ықтимал екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Мамандар күдіктіге қатысты сот-психиатриялық сараптамасын тағайындаған. Сонымен қатар күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, есі дұрыс емес деп танылғаны белгілі болды.

«Қазір психиатриялық сараптама қорытындысын күтіп жатырмыз. Өйткені оның нәтижесіне қарай іс не айыптау актісімен есі дұрыс деп танылған адамға қатысты сотқа жолданады, не болмаса оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа беріледі», деді ІІМ басшысының орынбасары.

Төрт бірдей туысын өлтірген күдіктінің бұрын сотты болғаны белгілі болды

Бұған дейін күдікті азамат әкесі, анасы және мүгедек ағасын және 18 жастағы жиенін өлтіріп, денелерін бөлшектеп тастағанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар