• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Президент 22 Мамыр, 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жекпе-жек» сарайына барды

966 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы гимнастикаға және басқа да жаттығуларға арналған залдарды аралап көрді. Бұл кешенде бокс, күрес, дзюдо және өзге де спорттың жекпе-жек түрлерінен халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақша күрестен жастар арасында өтіп жатқан өңірлік командалық турнирге қатысушылардың белдесулерін тамашалады.

Қазақстан Президенті танымал спортшылармен әңгімелесіп, оларға жетістіктері үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттің әрдайым спортқа жан-жақты қолдауы көрсететінін жеткізді.