«Рамазан айын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатында осындай тағылымды жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Ата – ұлтымыздың танымында берекеттің, жақсылықтың, игіліктің белгісі. Жоба шеңберінде Рамазан ата қаладағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатқа, Ардагерлер үйіне барып, базарлықтарын үлестірді. Алдағы уақытта өңірдің аудан-ауылдарын араламақ ойда. Қасиетті айда біздің мешітте күн сайын 400-500 адамға ауызашар беріліп жатыр. Аудандық мешіттерде де ауызашар берілуде. Жалпы, ораза басталғалы мешіт тарапынан 300 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді», дейді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Мұқатай.
ӨСКЕМЕН