• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Үкімет 30 Мамыр, 2019

Асқар Мамин Ашхабадта ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады

761 рет
көрсетілді

2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ашхабадта (Түрікменстан) Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

ТМД қатысушы-мемлекеттер Үкіметтерінің басшылары достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ ғылым және инновациялар, кедендік бақылау, зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау және т.б. саладағы ынтымақтастық тетіктерін қарайды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.