Алматыда 18-22 мамыр аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қаланың бірқатар көшелері мен шағынаудандарында электр қуаты уақытша шектелуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
«Алатау жарық компаниясы» АҚ мәліметінше, жарияланған кесте бүкіл аудан жарықсыз қалады дегенді білдірмейді. Жөндеу жұмыстары нақты учаскелерде ғана жүргізіледі, ал электр қуатын толық өшіру тек абоненттерді резервтік желіге ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда іске асады.
Электр қуатын қолдау тарифтері жеті жылға бекітілді
18 мамыр күні сағат 08:00 – 17:00 аралығында Көкқайнар, Айгерім-1, Шаңырақ-1, Ақжар, Таусамалы, Алмагүл, Горный Гигант шағынаудандарында және Райымбек даңғылы, Жандосов, Гагарин, Розыбакиев, Шевченко, Сәтбаев, Тұрғыт Өзал көшелері маңында жөндеу жұмыстары жоспарланған.
19 мамырда Көкқайнар, Айгерім, Ақжар, Достық шағынаудандары мен 8-шағынаудан аумағында уақытша шектеулер болуы ықтимал.
20 мамыр күні жөндеу жұмыстарының ауқымы кеңейеді. Электр желілерін жаңарту Көкқайнар, Айгерім-1, Шаңырақ-1, Ұлжан-2, Теректі, Таусамалы, Ақжар, Бағанашыл, Нұр Алатау, Ақсай-5 шағынаудандарында, сондай-ақ Әл-Фараби, Достық даңғылдары мен Керей-Жәнібек хандар көшесі аумағында жүргізіледі.
21 мамырда Көкқайнар, Шаңырақ-1, Ұлжан-2, Қалқаман-2, Таусамалы, Ақжар, Көктөбе-2 шағынаудандары мен Жандосов, Айманов, Төле би, Әуезов, Сәтбаев көшелері маңында жоспарлы жұмыстар өтеді.
22 мамыр күні Ақжар, Таусамалы, Маяк, Көкқайнар, Айгерім шағынаудандары, сондай-ақ Әл-Фараби даңғылы, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Шевченко, Төле би көшелері аумағында жөндеу жұмыстары жалғасады.
Толық мекенжайлар тізімі «Алатау жарық компаниясы» АҚ-ның ресми сайтында жарияланған.
Компания тұрғындарға уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.