• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:49

Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген: Вагондарды негізсіз кідірту фактілері анықталды

30 рет
көрсетілді

Қазақстанның көлік прокуратурасы кәсіпкерлерге қысым көрсету фактілері анықталғанын мәлімдеді. Осы жылдың алғашқы төрт айында осыған байланысты төрт лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, заң бұзушылықтардың бірі Павлодар облысында тіркелген. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Павлодар жүк тасымалы бөлімшесі» филиалы мен «СВХ Екібастұз» ЖШС «Ертіс Агро» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі жүк вагондарын заңсыз ұстап отырған. Салдарынан инвестор компанияның жұмысы іс жүзінде тоқтап қалған. Павлодар көлік прокуратурасының араласуынан кейін қойылған шектеулер алынып, кінәлі тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.

Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты

Тағы бір заңбұзушылық «Майқапшағай» кеден бекетінде анықталды. Онда «Format Mach Company» ЖШС өз өнімін 20 күннен астам уақыт бойы ел аумағынан шығара алмаған.

Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасының мәліметінше, тексерістен кейін шектеулер жойылып, жауапты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Елімізде ашық жүк вагондарын шығару 5 есеге артты

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда теміржолшыны пойыз қағып кеткені туралы жазғанбыз.
Соңғы жаңалықтар