• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 17:03

1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

30 рет
көрсетілді

Қазақстанда балаларды 1-сыныпқа қабылдау бойынша қанатқақты жоба іске қосылады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлескен бұйрық қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, мектепалды даярлықтан сол білім беру ұйымында өткен балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде автоматты түрде 1-сыныпқа қабылданады.

Егер ата-ана баласын басқа мектепке ауыстырғысы келсе, онда құжаттар жалпы тәртіппен тапсырылады.

Сондай-ақ жүйеде «Күту бөлмесі» механизмі енгізіледі. Егер өтініш саны тым көп болып кетсе, пайдаланушылар автоматты түрде электронды кезекке жіберіледі. Олар өз кезегінің қозғалысын онлайн бақылай алады. Кезек жеткен кезде жүйе қызмет алу бетіне автоматты түрде өткізеді.

ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?

Бұдан бөлек, ата-аналар 1-сыныпқа қабылдау туралы бұрын жіберілген өтінішті электронды түрде кері қайтарып ала алады.

Өңірлер бойынша құжат қабылдау мерзімі: Астана, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы – 27 мамыр мен 31 тамыз аралығы; Алматы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы – 10 маусым мен 31 тамыз аралығы; Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент – 18 маусым мен 31 тамыз аралығы; Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы – 29 маусым мен 31 тамыз аралығы.

Бірлескен бұйрық 2026 жылдың 26 мамырынан бастап күшіне еніп, 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

10-11 сынып оқушылары жұмысшы мамандықтарын қатар оқып жатыр

Соңғы жаңалықтар