• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:28

Енді ХҚО-ларда кейбір құжаттар берілмейді: Оны қайдан алуға болады?

30 рет
көрсетілді

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі egov.kz порталында маңызды мемлекеттік қызметті толықтай онлайн форматқа көшіретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Енді ел азаматтары электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, тек онлайн алады. Болашақта автосалоннан сатып алынған көлікті алғашқы рет тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын рәсімдеу де онлайн форматқа ауыстырылады.

Қазақстанның бірқатар қаласында ХҚО-лардың мекенжайлары өзгереді

Алдағы уақытта онлайн форматқа қосылатын тағы бірнеше қызмет түрі:

жылжымайтын мүлікті тіркеу; шетел азаматтарына ЖСН қалыптастыру; еңбек мигранттарына рұқсат беру; кадастрлық паспорттарды рәсімдеу қызметтері көшіріледі.

Айта кетейік, Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына түсетін жүктеме 35%-ға азайған. Бұл өз кезегінде алдағы уақытта қызметкерлер санын оңтайландыру мәселесін күн тәртібіне шығаруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар