• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Руханият Кеше

Ә.Қастеев музейіне бір түнде 15 мыңнан астам адам барды

30 рет
көрсетілді

16 мамыр күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні» акциясы басталды. Акцияның алғашқы күні музейге 15 100 адам барып, мәдени іс-шараға айрықша қызығушылық танытты, деп хабарлайды Egemen.kz . 

Биылғы акция «Әлемдер тоғысқан музей» тақырыбымен өтіп, ұлттық өнер мен заманауи форматтарды ұштастырған мазмұнды бағдарламаны қамтыды. Келушілер үшін көрмелер, перформанстар, театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар, шеберлік сағаттары мен квест-ойындар ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында «Жеті қазына» көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық-интерактивті квест-ойыны, мүсіндеу, білезік тоқу және пуантилизм техникасымен сурет салу бойынша шеберлік сағаттары өтті. Акция еліміздегі барлық музей мен музей-қорығында ұйымдастырылып жатыр.

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде скрипкашы Назым Мұстафина өнер көрсетеді. Сондай-ақ ҚР Ұлттық орталық музейінде музей қорларын сақтау және коллекцияларды толықтыру тақырыбына арналған арнайы бағдарлама ұсынылады. Ал музей-қорықтарда тарихи ескерткіштерге түнгі экскурсиялар, театрландырылған қойылымдар және өзге де мәдени іс-шаралар өтеді.

Айта кетейік, бүгін музей келушілері үшін түнгі сағат 00:00-ге дейін ашық болады. Кіру тегін.

Соңғы жаңалықтар