# Руханият
Руханият • 07 Мамыр, 2026
Белгілі қаламгер, қайраткер, академик Дархан Қыдырәлінің шығармалары өзіне тән әсерімен оқырманға кеңінен таныс. Ол біраз жыл республиканың бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің тізгінін ұстап, баспасөздегі руханиятты нығайтуға елеулі үлес қосты. Біз сөз еткелі отырған «Нүкте философиясы» кітабы – соның бір дәлелі.
Руханият • 23 Сәуір, 2026
Шаһар мен шайыр (Бабатайдың бір ұлы)
Бабатай сынды белгілі ауылда туса да, өмір бойы шаһарды мекен етіп келеді. Әскерге барып-қайтқан соң ару Алматыда оқыды. Содан кейін арайлы Ақтөбеге келіп, қоныс тепті. Шаһарда шираған шайыр болған соң ба, оның өлеңдерінде қала бейнесі үнемі сұлбаланып тұрады. Тіпті ауылдан гөрі қаланың образы көбірек бедерленген секілді көрінеді. Ол шаһар ұғымын қолданып, ойнақы ой айтады. Арғы-бергі тарихтың бір үзігін бөліп алып, тіркесті түрлендіріп, көркемдік кестесін түзеді.
Руханият • 17 Сәуір, 2026
Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні екінші рет атап өтіледі. Осыған орай еліміздің барлық өңірінде кітап оқу мәдениетін арттыруға, зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған кітап апталығы басталды.
Руханият • 16 Сәуір, 2026
Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүниеден өтті
Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор, платиналы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Несіпбайұлы Обаев дүниеден өтті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 15 Сәуір, 2026
Көңілдің кейбір кездерінде қайталап оқығың келетін кітаптар болады. Қарап тұрсақ, бұл да бір жақсы әдеттен туған «ауру» екен. Араға біраз уақыт салып, талай рет оқыған сол шығармаға аңсарың ауып тұратыны қызық. Бұл аңсар кейде мезгілмен келеді. Күздің қоңыр салқынында себепсіз Сайынды оқығың келетіні сияқты.
Руханият • 14 Сәуір, 2026
Алғашқы айтыс қашан, қайда, қалай болды деген сұрақтарға дәл жауапты ешкім де бере алмайды. Бұл өнердің шығу тарихын Ежелгі Шумер жазбаларындағы және Махмұт Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрк» кітабындағы қыс пен жаздың айтысы үлгілерімен байланыстыруға болады.
Руханият • 14 Сәуір, 2026
Әдебиеттің бүгінгі бағдары сараланды
Алматыдағы Ұлттық кітапхана төрінде Жазушылар одағының әдеби жыл қорытындысы өтті. Ұлт әдебиетінің жыл ішіндегі табысы сараланған басқосуға еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақырылған қаламгерлер қауымы қатысып, әдеби үдерістің бүгінгі тынысын бағамдады.
Руханият • 11 Сәуір, 2026
Темiрхан Медетбектiң өлеңдерiнiң уәзiнi де, пiшiмi де бөлек. Ерек. Бiр қарасаң, ежелдегi жаршылардың жар шақыруына да ұқсайтындай. Ендi бiр қарасаң, әдебиетте «ақындық проза» дейтiн бар, осы ақындық прозаға да келiңкiрейтiндей. Әдетте ақындар ұйқас қуады емес пе, Темiрхан Медетбек ұйқасыңа пысқырмайды да.
Руханият • 11 Сәуір, 2026
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Алматы қаласындағы Ұлттық орталық музейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыштың «Момақан қыз» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Маңғыстауда жартасқа жазу жазған ер адам 25 тәулікке қамалды
Аймақтар • Кеше
Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Президент • Кеше
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Президент • Кеше
Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады
Жасанды интеллект • Кеше