Аймақтар • Кеше

Жамбыл облысында шегірткеге қарсы өңдеу жүріп жатыр

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында өңірде шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан қорғау шараларымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысында шегірткеге қарсы өңдеу жүріп жатыр

 

Болжамға сәйкес, 2025 жылы Жамбыл облысында үйірлі шегірткелердің таралуы 107,63 мың гектар аумақты қамтуы мүмкін. Ауыл шаруашылығына келетін залалды болдырмау мақсатында өңірде химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 14 мың гектар жер өңделді. Жұмысқа 36 арнайы техника жұмылдырылған, оның ішінде 2 ұшақ пен 3 ұшқышсыз авиациялық жүйе бар.

Айдарбек Сапаров жағдайды жіті бақылауда ұстау қажеттігін атап өтіп, дрондарды пайдалану арқылы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексерді.

«Барлық қажетті препараттар сатып алынды. Техника жеткілікті. Мердігерлер өз міндеттемелерін сапалы әрі уақытылы орындап, өңдеудің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс», деді министр.

Айта кетейік, 2024 жылы Жамбыл облысында 131 мың гектардан астам аумақ өңделіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануы мен зиянкестердің басқа өңірлерге таралуының алдын алуға мүмкіндік берілді.