• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2019

Маңғыстауда «Қауіпсіз жол» акциясында бір күнде 806 құқықбұзушылық анықталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауы мен Департамент бастығының бұйрығы негізінде 2019 жылдың 24-28 шілдесі аралығында республика деңгейіндегі «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шара Маңғыстау облысының республикалық және жергілікті маңыздағы тас жолдарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында жол жүрісі ережесінің тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын төмендету, сондай-ақ облыс жолдарында апаттылыққа және олардың салдарының ауырлығына тікелей әсер ететін жол қозғалысы Ережесін бұзу, әсіресе көлік құралдарын мас күйде басқару фактілерін анықтау мақсатында жүргізілуде.

Іс-шараның бірінші күнінде Маңғыстау облысы бойынша 806 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.

 Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар