• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:10

Алматы облысындағы қанды оқиға: Марқұмның туыстары ауыр қылмысты қайта қарауды талап етті

Алматы облысы тұрғындары әлеуметтік желіде тараған ауыр қылмысқа қатысты әділ тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Марқұм ер адамның туыстары күдіктіге тағылған бапты қайта қарауды сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 23 ақпанда болған. Марқұмның қызының айтуынша, әкесі күректің ұшымен мойын тұсынан ауыр соққы алған. Салдарынан мойын омыртқасы сынып, көп қан жоғалтқан.

«Сіңлім оқиға орнына жеткен кезде әкем әлі тірі еді. Бірақ күдікті мен оның туыстары жедел жәрдем мен полиция шақырудың орнына жарты сағат бойы «келісейік» деп уақыт созған. Олар әкемді суық жерде жатқызып қойған», дейді марқұмның қызы.

Оның сөзінше, кейін ер адам Ұзынағаш ауруханасына жеткізілген. Алайда онда компьютерлік томография аппараты болмағандықтан, дәрігерлер тек алғашқы көмек көрсетіп, науқасты Қалқаман ауруханасына жеткізуді ұсынған.

Туыстарының айтуынша, ауыр жарақат алған азамат жолда көз жұмған.

Марқұмның жақындары істің «абайсызда өлімге әкелген ауыр дене жарақатын салу» бабы бойынша тергелуіне келіспейді. Олар қылмысты неғұрлым ауыр баппен қайта саралауды талап етіп отыр.

Ал Алматы облысының Полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, күдікті жедел іздестіру шаралары барысында ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

«Тергеу барысында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Қылмыстық іс материалдары қадағалаушы органмен келісіліп, мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды», деп мәлімдеді полиция.

Алматы облыстық соты да істің өндіріске қабылданғанын растады. Соңғы шешімді сот шығарады.

Айта кетейік, Шымкентте 23 жастағы қыз уақытша ұстау изоляторында көз жұмды.

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, үш жас азамат оқиға орнында қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар