Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.
Сондай ақ Президент жарлығымен Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.