• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:53

Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды

80 рет
көрсетілді

Кеше Вашингтонда тілшілерге арналған кеште атыс болып, АҚШ президенті Дональд Трамп жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуге қатысқан вице-президент Джей Ди Вэнс пен Трамп әкімшілігінің мүшелері де залдан асығыс шыққан. CNN мәліметінше, Трамп қазір қауіпсіз жерде. Әкімшілік өкілінің айтуынша, министрлер кабинетінің мүшелері де аман-есен.

Атыс болған сәтте АҚШ Құпия қызметінің агенттері бірден оқыс оқиға туралы дауыстап хабарлаған. Іс-шара Вашингтондағы Hilton қонақүйінде өткен.

Қазір атыс шығарған адам ұсталды. Журналистер оның жағдайы туралы нақты мәлімет әзірге жоқ екенін хабарлады. Алдын ала деректер бойынша, ол − Калифорния штатының Торранс қаласынан келген 31 жастағы Коул Томас Аллен.

Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт қымбаттады

CNN дерегінше, атыс салдарынан Құпия қызметтің бір агенті жараланған. Оқ оның қорғаныс киіміне тиген, ол жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Жоғары лауазымды әкімшілік өкілінің айтуынша, Трамп қауіпсіз жерде және ол шенеуніктерге кешкі асқа қайта оралуды жоспарлап отырғанын айтқан.

Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде атыс жасаған адамның ұсталғанын жазып, Құпия қызмет пен құқық қорғау органдарының жедел әрі батыл әрекеттерін жоғары бағалады.

«Алдағы 2-3 аптада Иранға жойқын соққы жасаймыз»: Трамп соғыстың қашан аяқталатынын айтты

Бірнеше минуттан кейін жарияланған келесі жазбасында президент құқық қорғау органдарының өтінішімен оқиға орнынан кеткенін және Ақ үйге қайтып бара жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, ол баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар