• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:56

Оңтүстік Қазақстанда күннің ыстығынан асфальт еріп жатыр

Түркістан облысында бірнеше күннен бері сақталған аптап ыстық жолдардың жағдайына әсер ете бастады. Жоғары температура салдарынан Шымкент – Түркістан тасжолында және Солтүстік айналма жолда асфальт жабынының деформациялану фактілері тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері аталған учаскелерде күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ал «ҚазАвтоЖол» мамандары жүргізген мониторинг нәтижесінде жолдың төрт бөлігінде ақау анықталған.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпті аумақтарға уақытша жол белгілері қойылып, арнайы бригадалар жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Қазір мамандар жол плиталарын қалпына келтіріп, асфальтқа түсетін қысымды азайту шараларын атқарып жатыр.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Ербол Пірімбетовтің айтуынша, өңірде соңғы екі аптаға жуық уақыт бойы қатты ыстық сақталып тұр. Ауа температурасы кей жерлерде +42 градусқа дейін жеткен.

25 жыл жөндеу көрмейтін жол: Аягөздік оқушы пластик қалдықтардан эко-асфальт жасап шығарды

Оның сөзінше, қазіргі таңда анықталған төрт учаскеде қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар алдағы бір ай бойы ауа райын тұрақты бақылап, қажет болған жағдайда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырмақ.

Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағына жергілікті асфальтбетон төселді

Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» 2026 жылғы маусым айында еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болатынын болжаған еді.

Соңғы жаңалықтар