• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Қыркүйек, 2019

Әлем кубогы аяқталды

182 рет
көрсетілді

Ресейдің Қазан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы жарысы мәресіне жетті. Жаһандық додаға Қазақ­стан құрамасынан Адина Әділ­ханова мен Адиля Тілекенова қатысқан болатын.

Көпсайыста жалпы есебі 56 гимнаст бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша, Әділханова 24-ші, Тілекенова 26-шы орын алды. Әлем кубогының бас жүлдесін ресейлік Дина Аверина жеңіп алды. Күміс жүлдені Арина Аверина (Ресей) олжаласа, қола медаль болгариялық Катрин Тасеваға бұйырды.