• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Теннис 09 Қаңтар, 2020

Теннис: Кукушкин екінші кезеңнен аса алмады

146 рет
көрсетілді

Бұл күндері Катардың бас шаһары – Дохада өтіп жатқан халықаралық турнир қазақстандық теннисшісі Михаил Кукушкин үшін сәтсіз аяқталды.

Әлемдік рейтингте 66 орында тұрған жерлесіміз алғашқы айналымда АТР тізімінде 229-сатыға жайғасқан Тунис елінің өкілі Малек Жазириді 6:0, 6:3 тас-талқан еткен еді.

Келесі кезеңде Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте 23-орынға тұрақтаған ресейлік Андрей Рублёвпен күш сынасты. Бұл бәсекеде жерлесіміздің жолы болмады. Екі сеттік сайыс 6:4, 6:2 есебімен қарсыласының пайдасына шешілді.