• RUB:
    6.39
  • USD:
    518.53
  • EUR:
    588.17
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Ақпан, 2020

Финалдық бәсекеден тыс қалды

238 рет
көрсетілді

Бұл күндері Берлинде (Германия) тректегі велоспорттан әлем чем­­пионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақ­стан құрамасы командалық спринт бәсекесіне қатысып, финал­дық сынға өте алмады, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстан ерлер құрама командасы сапынан Максим Налетов, Сергей Пономарев және Андрей Чугай өнер көрсеткен. Нәтижесінде, әлем біріншілігінде 13-орынға жайғасты. Жарыс қорытындысы бойын­ша, Нидерланд құрамасы топ жарса, Ұлыбритания командасы екінші орынға тұрақтады. Ал Франция спортшылары үздік үштікті түйіндеген.