• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2020

Дүкендердің жұмыс кестесі белгіленді

Карантин және төтенше жағдай кезінде 55 жастан асқан елордалық тұрғындарға көшеге шығуды шектеуге кеңес беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Егер жұмыс орнынан анықтама немесе жеке куәлік болса, тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері бағытта қатынауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрғылықты жері немесе жұмыс орны жақын орналасқан дүкендер мен дәріханалардан сатып алуға, медициналық мекемеге баруға, үй жануарларын тұрғылықты жерге жақын жерде серуендетуге шектеу қойылмайды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімімен көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан дүкендерге жұмыс кестесі сағат 10:00 бастап 20:00 дейін болып белгіленді.

 

Соңғы жаңалықтар