• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Наурыз, 2020

Қарағандыға ұшып келген студенттерден коронавирус анықталды

782 рет
көрсетілді

Бұл туралы www.coronavirus2020.kz ресми сайтында хабарланды. Қауіпті инфекцияны 6 студент жұқтырғаны белгілі болып отыр. 

Расми хабарламада студенттердің Қарағанды қаласына ұшып келгені жазылған. Осы студенттермен қосқанда Қарағанды облысының орталығында короновирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті.

Сондай-ақ хабарламада:

– Бүгін инфекция жұқтырған алты студент анықталды, олар Қарағанды қаласына 18 наурызда ұшып келген. Рейспен келген барлық жолаушылар бірден карантинге жатқызылды. Пациенттердің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалайды, – делінген.