• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Мамыр, 2020

Әлем бойынша коронавирустан 1.2 миллионнан астам адам сауығыпты

283 рет
көрсетілді

Вашингтондық «Worldometers» ақпарат көзінің дерегіне қарағанда әлем бойынша «COVID-19»  індетіне шалдыққан  3 миллион 750 мыңға жуық адамның 1 миллион 250 мыңы дертт жеңіп шығыпты.

Жоғарыдағы мәлімет таратушы дерексөзінің айтуына қарағанда әлемнің 212 елінде індет тіркелсе, ауру жұқтырғандар саны – 3 747 313 адам. Ал қаза тапқандар – 258 962-і болса, жазылып шыққандар саны – 1 250 603.

Індеттің ірі ошақтары санатындағы мемлекеттер: АҚШ-та 1 237 633, Испанияда 250 561, Италияда 213 013, Ұлыбританияда 194 990, Францияда 170 551, Германияда 167 010  адам індет жұқтырған.