• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2020

Атырау облысында екі «Газель» соқтығысып, бір адам көз жұмды

461 рет
көрсетілді

Бір адамның тағдыры үзілген  көлік апаты Атырау-Индер бағытындағы күре жолдың бойында таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Махамбет ауданындағы Еңбекші ауылының тұсында 2 «ГАЗель» көлігі соқтығысып қалды. Соның салдарынан оқиға орнында бір адам көз жұмды.  

Сондай-ақ Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде  «ГАЗель» көлігі отқа оранды.

– Өрт автокөліктің  қозғалтқыш бөлігіндегі электр желісінің қысқа тұйықталуынан орын алғаны анықталды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер мен жазым болғандар жоқ», - деді Индер аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бастығы Бағдат Абдуллин.

Өртенген көлік жарамсыз болып қалды.