Жақында облыстық талдау және болжау институтында облыстық, қалалық, Өскемендегі бірнеше кәсіпорындар, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары бас қосқан редакторлар клубының кезекті мәжілісі болып өтті. Оны облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Әлмира Бақтиярова жүргізіп отырды.
Ол Елбасы Жолдауынан туындайтын ақпараттық саясаттың өзекті мәселелерінің газет беттерінде насихатталуы, су тасқынына байланысты атқарылып жатқан шараларды дұрыс көрсете білу жөнінде әңгімеледі. Өз кезегінде газет басшылары да ойларын батыл білдірді. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.