• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2020

Атырауда 1000 отбасы дәрі-дәрмек пен азық-түлік жиынтығын алды

362 рет
көрсетілді

"Халық" қайырымдылық қоры қайырымды іс жасады. Аталған қордан Атыраудағы 1000 отбасыға  дәрілік-азық-түлік жиынтығы келді, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы материалдық жағдайы төмен, дәрі-дәрмектерді қажет ететін отбасылардың тізімін алты категория бойынша ұсынды. Қайырымдылық қорынан келген 1000 жиынтық қала мен аудандардағы отбасыларға таратылылып жатыр", - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі. ⠀

Әр жиынтықтың салмағы 60 килодан  асады. Оған қауіпті індетті емдеу хаттамасына енген дәрілік препараттар салынған. Сондай-ақ, азық-түлік,  ыдыс жууға арналған сұйықтықар,  антисептикалық құралдар мен медициналық бетперде бар.