Абай облысында тұратын 47 жастағы әйелді ұзақ уақыт ештеңе мазаламаған. Ісік пневмониямен ауырып, ауруханаға тексерілуге барған кезде анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Науқас ішінің үлкейгенін және тәбетінің төмендегенін айтқан. Дәрігерлер алдымен оның іш қуысынан 7 литр сұйықтық шығарды. Кейін бірнеше сағатқа созылған күрделі ота барысында диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6200 грамм ісік алынды.
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Негізгі диагноз – сол жақ аналық бездегі муцинозды шекаралық ісік. Бұл дерт ұзақ уақыт белгісіз өтуі мүмкін. Қазір әйел дәрігерлердің бақылауында, өміріне қауіп жоқ.