• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Тамыз, 2020

“Атырау-Индер” жолының асфальты ойылып кетті

435 рет
көрсетілді

"Атырау-Индер" бағытына салынған жол жиегінің асфальты ойылып, шұңқыр пайда болды. Бұл деректі облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы растады.

«Аталған жолдың Ақжайық ауылы тұсындағы 98-ші шақырымында ойықтың пайда болғаны рас. Жолжабындысының жиегіндегі шұңқырды қалпына келтіруге арнайы техникалар мен қажетті материалдар жіберілді.  Қазір жолдың бүлінген жері қалпына келтірілді» -деп хабарлады облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.