• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 07 Қыркүйек, 2020

Шымкент – Ташкент бағытының кіреберісін көріктендіру бойынша жоба жұмыстары талқыланды

446 рет
көрсетілді

Шымкент – Ташкент бағытының кіреберісін көріктендіру бойынша жоба жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов және қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов үшінші мегаполистің Шымкент – Ташкент бағытындағы кіреберісін көріктендіру бойынша жоба жұмыстарымен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.    Аталған жоба қала аумағындағы ең маңызды кіреберіс болып саналады. Жоба аясында Шымкент – Ташкент бағытындағы жағалауға тұрғындар мен қала қонақтарына арналған демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар салынбақ.     Жалпы, қала көркi кiреберiстен танылады. Қалаға келген қонақтар қаланың кіреберістегі тазалығына әрі сәулетіне қарап баға беретіні сөзсіз.