• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2020

Атырауға шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

645 рет
көрсетілді

Кеше, 6 қазанда "Ыстамбұл – Атырау" халықаралық әуе рейсімен 115 жолаушы ұшып келген, деп хабарлайды Egemen.kz

Оның ішінде 95 жолаушыда ПТР-тесттің қорытындысы туралы анықтама болған. Ал мұндай анықтамасы жоқ 20 жолаушы стационарлық карантинге жатқызылды. Сондай-ақ Амстредамнан келген жолаушы да карантинге орналастырылды.

"Бүгін ПТР-тест қорытындысы белгілі болды. Карантиндік стационардағы  жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ", деп хабарлады Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырова.