• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қараша, 2020

Президент Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон туралы келісімге қол қойды

1253 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон туралы келісім ратификацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

2019 жылғы 25 қазанда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан ­Рес­пуб­ли­касының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасын­дағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім рати­фикациялансын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 қараша

№ 374-VI ҚРЗ