• RUB:
    6.37
  • USD:
    507.07
  • EUR:
    572.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Желтоқсан, 2020

Жаңақорғанда 70 мың тонна әк өндіріледі

340 рет
көрсетілді

Жаңақорған ауданындағы «Премиум Класс-Строй» ЖШС-нің әк зауыты 2018 жылы іске қосылған еді. Зауытта күніне 100 тонна әк шығарылса, ал жылына 70 мың тонна өндіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізу үшін жоба-сметалық құжаты дайындалуда. Яғни, зауыттың жұмысын одан әрі дамыту мақсатында темір жол тұйығын тарту мен электр энергиясын жеткізу керек. Жоба мақұлданса өндіріс көлемі ұлғайып, қосымша 20 жұмыс орны ашылады.