• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Желтоқсан, 2020

Қазығұртта 2 жасар сәби вагон астында қалды

417 рет
көрсетілді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қазығұрт стансасында 2 жасар сәбидің вагон астына түсіп мерт болуына қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бұл ата-ана үшін орны толмас қайғы. Баладан айырылудан асқан қайғы да, қасірет те жоқ. Шынымен де, 2020 жылдың 18 желтоқсанында сағат 16:35-те жүк тасымалының Шымкент бөлімшесіне қарасты Қазығұрт стансасында вагондардың астымен жүрген 2 жасар сәби ауыр жарақаттан мерт болды. Қайғылы оқиға маневр жұмыстары барысында болды. Оқиғаның барлық мән-жайын арнаулы құрылған комиссия анықтайтын болады», делінген компания таратқан ақпаратта.