• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2021

Арал ауданының тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіленді

675 рет
көрсетілді

«Құқық тәртібі» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қызылордалық полицейлер Арал ауданы тұрғынының нөмірі өшірілген 16 калибрлі мылтығын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

5 қаңтарда Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауыл тұрғынының үй ауласындағы сарайынынан қару тапқан. Зауыттық тәсілмен дайындалған  мылтық  ішкі істер органдарында тіркелмеген болып шықты.

Айғақ зат Қызылорда облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөліміне зерттеуге жіберілді.

Қазір бұл азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар  сотқа жолданды.