• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2021

Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды

273 рет
көрсетілді

Кеше Атырау облысындағы Теңіз  кенішінде 5 автобус өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқыс оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде болған.

«ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жақын маңда тұрған 4 автобусты шарпыды. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық жойылды», деп мәлім етті компанияның өкілі Орақ Бисембиев.