• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Наурыз, 2021

Атырауда 5 жастағы бала 4-ші қабаттан құлады

Бұл оқыс оқиға Атырау қаласында 27 наурызда болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Атырауда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен 10-ға жуық бала құлап, жарақат алған.

"Терезенің ашық қалуынан 2-7 жас аралығындағы балалар жиі құлайды. Өйткені, олар терезенің алдында ойнау қауіпті екенін ескермейді. Ал, ата-аналар осындай жастағы балаларды қараусыз қалдырады. Мәселен, 27 наурызда 5 жастағы 4-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оны ата-анасы терезесі ашық тұрған бөлмеде жалғыз қалдырған" деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар